Күрестен Әлем чемпионаты: Алтын Шагаева финалда жеңіліп, "қоладан" қағылды

Алтын Шагаева, Астана, күрес, әлем чемпионаты , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 18:58 Сурет: Сали Сабиров
Қазақстандық балуан Алтын Шагаева Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалдық бөлігінде бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер күресінен 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде Моңғолия өкілі Болортуя Хурэлхуумен кездесті.

Нәтижесінде моңғолиялық балуан 8:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал Алтын Шагаева әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

Бұған дейін Астанадағы Әлем чемпионатында еркін күрес шебері Асыл Айтақын жартылай финалда жеңілгенін, бірақ "қолаға" таласатынын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: