Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
92 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесуінде Куруглиев италиялық Бенджамин Хонисті 4:3 есебімен ұтты.
Осылайша, отандасымыз қола медаль үшін күреседі.
Оның қарсыласы ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпей болмақ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript