Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионатында қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды
Сурет: olympic.kz
Еркін кұрестен Қазақстан құрамасының өкілі Камиль Куруглиев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 92 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті.
Камиль бұл кезеңде ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпеймен күресіп, қарсыласына есе жіберді. Кездесу 0:4 есебімен аяқталды.
Бұл салмақта америкалық Трент Хидлэй жеңіске жетті. Күміс медальді ресейлік Аманула Гаджимагомедов алды. Ал қола жүлденің екінші иегері әзірбайжандық Осман Нурмагомедов болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript