Еркін күрес шебері Камиль Куруглиев U20 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Еркін күрес шебері Камиль Куруглиев U20 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 22:47 Сурет: United world wrestling
Қазақстандық еркін күрес шебері Камиль Куруглиев Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде өзбекстандық Шерзод Поеновпен өзара мықтыны анықтады.

Тартысты өткен белдесу қарсыластың пайдасына аяқталды. Поенов 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір бес медаль бар. Бұған дейін Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) алтын иеленсе, Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: