"Азия балалары" ойындарында шорт-трекші Мейіржан Төлеген чемпион атанды

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Шорт-трекшілер Кузбасс облысында өтіп жатқан "Азия балалары" ІІ қысқы ойындарын табысты аяқтады. Мың метрге жарыста Мейіржан Төлеген алтын алса, Мадияр Мадихов қол жүлдегер атанды. Ал Əліби Əлімгереев пен Ерасыл Шыңғысхан 4-ші жəне 5-орыннан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған дейін шорт-трекшілер 4 жүлде жеңіп алған еді.

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алғашқы күні 1500 метрде Мейіржан Төлеген күміс, Малика Жолтабар қола жүлдегер атанды. Ал кеше 3 шақырым эстафетада ұлдар құрамасы мəреге 2-ші, қыздар 3-болып келген.

"Соңғы күні алтын медаль алуға барымызды салдық. Бізге жетпей тұрғаны сол ғана еді. Жалпы еншімізде 6 жүлде бар. Меніңше, барлық спортшы жақсы өнер көрсетті. Əрқайсысы кем дегенде елге бір жүлдемен оралады. 2019 жылғы алғашқы ойындарда бір алтын, бір күміске ие болғанбыз. Осы жолы сол көрсеткішті жақсартқанымызға қуаныштымын". Шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері Данабек Хайров

28 ақпан күні "Азия балалары" ІІ қысқы ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных алтын, Илья Шильников күміс, Софья Шишкина қола жүлдеге ие болған еді.

Ресей
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды