Parimatch сарапшысы Константин Пушкарев алдағы шайқасқа болжам жасады.
"Арлан" - "Номад"
Бүгінгі таңда командалардың жеке кездесулеріндегі есеп 3:2-ні құрайды, сондықтан "Номад " "Арланға" қарсы мұз айдынында ерік-жігердің керемет күшін көрсетуде. Қазақстан чемпионатының бесінші матчы "көшпенділер" үшін сәтті өтті: Елордалық команда жеңіс шайбасын ойын аяқталуына 34 секунд қалғанда салды. "Номад" қақпашысы Андрей Шутовтың жоғарғы деңгейдегі кәсібилігін атап өткен жөн. Шутов плей-оффтың барлық матчтарында 196 соққының 186-сына тойтарыс беріпті.
"Арлан" да өз ұстанымын оңайшылықпен тапсыруға ниеті жоқ. Көкшетаулық клуб өз қорғанысын жақсы құра отырып, дес бермейтін шабуыл мен мықты хоккей көрсетуде.
Константин Пушкарев "бөрілер" мен "көшпенділер" арасындағы қақтығысты плей-оффтың ең қызықтысы деп атауға болатынына сенімді болып отыр. Сарапшы бұл матчта "Арланды" фаворит деп есептейді, сондықтан жанкүйерлердің серияның жетінші, шешуші матчын тамашалауға мүмкіндігі бар.
Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:
"Арлан" - 2.28, Тең ойын – 3.85, "Номад" - 2.5