Анна Данилина Астанадағы турнирдің финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық Анна Данилина 3 наурызда жұптық сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour BeeTV 40 Women's турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина белоруссиялық Ирина Шимановичпен бірге жартылай финалда нидерландылықтар Ясмин Гимбрере - Бибиана Схоофспен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-белоруссиялық жұп үш сетке созылған тартысты матчта 4:6, 6:1, 10:5 есебімен жеңіске жетті.

Анна мен Ирина финалда доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань - Су Джон Чанмен бас жүлдені сарапқа салады. Анна Данилина ойыннан кейінгі сұхбатында ертеңгі кездесуде бұл жылдағы алғашқы титулға қол жеткізу үшін бар шеберліктерін салатынын жеткізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды