Теннистен Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Астанада Билли Джин Кинг кубогінің (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бәсекені дүниежүзілік рейтингте 45-орында тұрған Юлия Путинцева мен әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетт бастайды.

Бұл жұп 14 сәуір, жұма күні Астана уақытымен сағат 13:30-да кортқа шығады.

Содан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 253-сатыдағы Вероника Фальковскаға кезек келеді.

Сенбіге Елена Рыбакина – Магда Линетт, Юлия Путинцева – Вероника Фальковска және жұптық сындаға Анна Данилина/Гөзал Айнитдинова – Алисия Росольска/Вероника Фальковска кездесулері жоспарланған. Сенбі күнгі ойындар да 13:30-да басталады.

Жеңімпаз команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді