АЧ-2023: Еркін күрестен Қазақстанның қос балуаны күміс медаль еншіледі

Сурет: Instagram/kazakhstan__wrestling
Күрес түрлерінен Азия чемпионатының соңғы жарыс күні қос балуанымыз - Жүсіп Батырмұрзаев пен Ризабек Айтмұхан Қазақстан құрамасының активін тағы екі күміс медальмен толықтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алтыннан үмітті қос балуанымыз қарсыластарынан бірдей жеңіліп қалды. Алдымен боз кілемде Ризабек Айтмұхан (92 кг) жапон балуаны Араш Йошидамен белдесіп, оны жеңе алмады. Одан кейін ауыр салмақтағы Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі)  моңғол спортшысы Лхавагерел Мунхтурдан жеңіліп қалды.

Бұған дейін Қазақстанның ерлер құрамасының қоржынына төрт спортшы алтын медаль салған болатын: Санжар Досжанов, Болат Сақаев, Дархан Есенғали және Азамат Дәулетбеков.

Қазақстан балуандары биылғы Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы