Қазақстанда ұлттық құрама командаларды жасақтау қағидаты өзгерді

Сурет: Zakon.kz
Елімізде ұлттық құрамаларды жасақтаудың жаңа ережесі күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, енді құрамаға жылдың басты республикалық және халықаралық жарыстарында 1-ден 8-ге дейін орын алған спортшылар қабылданады.

Бұған дейін құрамалар тек чемпиондар мен жүлдегерлерден ғана жасақталған болатын.

"Бұл өзгеріс бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, биатлон, шаңғы жарысы, таеквондо WTF спорт түрлеріне қатысты".Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 

Ведомство өкілдерінің нақтылауынша, спорттық ойын түрлеріне де осы тәртіп қолданылады, бірақ негізгі және қосалқы командаларға жылдың басты республикалық және халықаралық турнирлерінде 1-ден 10-орынға дейін иеленген спортшылар шақырылады.


"Біз дарынды спортшылар үшін ұлттық құрама қатарына қосылу мүмкіндігін ұлғайтуымыз керек деп санаймыз. Әсіресе, болашағынан зор үміт күтетін, тәжірибелі, дарынды, жас спортшылар үшін, оның ішінде ауыл спортшылары үшін бұл да өзін-өзі дәлелдеуге жақсы мүмкіндік. Бұл өзгерістер пайдалы болады және дұрыс бәсекелестіктің дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз".Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар