Соболенко Миландағы сән апталығының ашылуына қатысты
Сурет: Instagram/arynasabalenka
Газета.ru мәліметінше, спортшы сән көрсетілімінің "Италияда жасалған" (Made in Italy) деп аталатын үшінші бөлімінде подиумға шықты. Ол сән үйінің грузиялық креативті директоры Демна Гвасалия әзірлеген Gucci брендінің көйлегін таныстырды.
Бұған дейін Соболенко ресейлік топ-модель Ирина Шейкпен бірге гримеркада болған.
Соболенко – жекелей сында "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы. Ол жұптық сында да екі "Үлкен дулыға" турнирінде жеңіске жеткен: 2019 жылғы АҚШ ашық чемпионаты және 2021 жылғы Аустралия ашық чемпионаты. Сонымен қатар жекелей сында WTA қорытынды турнирінің екі дүркін финалисі (2022, 2025) және WTA турнирлерінің 30 дүркін жеңімпазы, оның 24-ін жекелей сында жеңіп алған.
Бұған дейін Ресейде РыбакинаныңСоболенкодан басты айырмашылығы аталған болатын.