Соболенко US Open турнирінің алғашқы финалисі атанды
Сурет: Instagram/arynasabalenka
Беларусь теннисшісі Арина Соболенко US Open турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда Арина әлемнің үшінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегуланы жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, матч 7:5, 6:2 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылды.
- Ойын барысында Соболенко жеті эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді және өзіне берілген сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
- Ал оның қарсыласы төрт эйс жасап, қос қателікке жол берген жоқ және брейк-пойнттардың ешқайсысын жүзеге асыра алмады.
Турнир финалында Соболенко Елена Рыбакина (Қазақстан) – Кори Гауфф (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Рыбакина АҚШ ашық чемпионаты – 2026 аяқталғаннан кейін мансабында алғаш рет WTA рейтингінде көш бастайды. Ол 2024 жылғы 21 қазаннан бері рейтингтің жоғарғы сатысында тұрған Арина Соболенкодан озады.
Бұған дейін Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанғаны үшін қандай сыйақы алатыны белгілі болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript