"Димаштың қолы жеңіл екен". Шахмат бәсекесінің 12-ші партиясында Дин Лижэнь жеңіске жетті

26 сәуірде Астанада шахматтан әлем чемпионы атағын анықтаушы матчтың алғашқы жүрісін атақты әнші әрі композитор Димаш Құдайберген жасады. Ол осы ойында 12-ші партияда жеңіске жеткен қытайлық гроссмейстер Дин Лижэньнің ақ тасын алға жылжытқан болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайлық Дин Лижэнь шахматтан әлем чемпионы атағын сарапқа салған матчтың 12-ші партиясында жеңіске жетіп,  6-6 ұпайымен есепті теңестірді.

Қытайлық гроссмейстер ақ фигуралармен ойнады.

Кездесу 38-ші жүрісте аяқталды. Ресейлік шахматшы Ян Непомнящий партияның соңында өрескел қателікке жол беріп алды.

Алдында Непомнящий екінші, бесінші және жетінші партияларда жеңіске, ал төртінші және алтыншы партияларда жеңіліп қалған еді. Қалған партиялар тең аяқталды.

Ойын 26 сәуірде Астанада өтті.

Келесі партия 27 сәуірде болады. Турнирдің жеңімпазы кем дегенде 7,5 ұпай жинауы тиіс. 

Айта кетсек, бұл арадағы жүлде қоры 2 млн долларды құрайды.


Сурет: Instagram/kzchessfederation


Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: