Юлия Путинцева Мадридтегі турнирде әлемнің 4-ракеткасынан ұтылды

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мадридтегі турнирдегі 1/32 финалындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юлия Путинцева әлемнің 4-ракеткасы Каролин Гарсиямен кездесті.

Франциялық теннисші 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

Юлия Путинцева матч кезінде 4 эйс, ал қарсыласы 18 эйс орындады. Қазақстандық теннисші 8 рет қос қателік жасаса, Каролин Гарсия бірде-бір рет қателеспеген.

Бұған дейін Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турниріндегі жұптық жарысты сәтті бастағанын жазған едік. Ол ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге Жапония өкілдері Шуко Аояма мен Ена Шибахараны екі сетте 6:0, 6:1 есебімен жеңді. 

Енді Елена Рыбакина жекелей сында өнер көрсетеді. Ол ертең, 28 сәуірде ресейлік Анна Калинскаямен ойнайды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды