Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің 1/2 финалына шықты

Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтар ширек финалда Тайбэй командасын ұтты, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Алдымен Анастасия Крымкова Ю Нинг Цайды тізе бүктірді - 5:7, 6:3, 7:5. Бәсеке тартысты өтіп, екі жарым сағатқа созылды.

Екінші ойында Полина Слепцова Ли Я Чуді ойсырата жеңді - 6:0, 6:2.

Ертең, 5 мамыр күні Ярослава Шведованың шәкірттері финалға шығу үшін Аустралия құрамасымен таласады. Олар Гонконгты 2:0 есебімен ұтты.

Азия - Тынық мұхит аймағынан үздік үш команда әлем чемпионатына жолдама алады.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған