Зілтемірші Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды

Ауыр атлетика, Қытай, Нинбо, зілтемірші, Нұрғиса Әділетұлы, әлем чемпионаты, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2026 20:41 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Спортшы 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жұлқа көтеруде 182 келіні бағындырса, серпе көтеруде 217 келіні еңсерді. Осылайша, қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі көтерген Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Сонымен қатар отандасымыз жұлқа көтеру мен серпе көтеру жаттығуларының әрқайсысында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, оның қоржынында әлем чемпионатының екі кіші күміс жүлдесі де бар.

Болгариялық Карлос Насар 415 (185+230) келі нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. Ал ирандық Али Алипур 396 (181+215) келімен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.

Еске салайық, биыл қыркүйек айында Нұрғиса Әділетұлы Аичи және Нагояда (Жапония) өткен жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған еді. Сол жарыста отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 394 (177+217) келі көтерген болатын.

Нұрғиса Әділетұлы бұған дейін де әлем чемпионаттарында жүлде алған. Ол 2022 жылы Колумбияның Богота қаласында өткен әлем біріншілігінде күміс медаль иеленсе, 2024 жылы Бахрейннің Манама қаласында әлем чемпионы атанды.

Бұған дейін Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: