Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрғис Әділетұлы Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Зілтемірші 96 келіге дейінгі салмақта алтын медальді жеңіп алды.
Нұрғиса 388 (174+214) келіні бағындырды. Бұл нәтиже әлем чемпионатын бірінші орынмен аяқтауға жеткілікті болды.
Реваз Давитадзе (Грузия) күміс жүлдені жеңіп алды - 387 (177+210) келі. Үздік үштікті 387 (173+214) келімен ирандық Али Алипур түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алексей Чуркин 81 келіге дейінгі салмақта күміс алған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript