Рыбакина бүгінгі жеңісі жөнінде пірікін білдірді

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан ірі турнирдің ширек финалдық кездесуінде әлемнің ең үздік теннисшісі Ига Швентекті жеңіп кетті. Матчтан кейін жеңімпаз осы ойын жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теннисшіміз әлемнің бірінші ракеткасын үшінші ретте де ұтты.

Рыбакина бірінші ойында 2:6 есебімен жеңілді, одан кейін тай-брейкте екінші сетте 7:6 есебімен басым түсті, ал ойынның финалдық бөлігінде 2:2 есебімен Швентек жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Римде "Мастерстің" жартылай финалына шықты.
"Мен бұл матчтан ештеңе күткен жоқпын және екінші сетте оң жақтан соққыны жақсы сезіп, жақсырақ қимылдай бастағаныма қуаныштымын. Сондықтан жалпы нәтижеге қарамастан, жақсы ойнадым деп ойлаймын. Тағы бір матч өткізетініме қуаныштымын, жартылай финалды асыға күтемін". Елена Рыбакина
Римдегі турнирдің жартылай финалдық кезеңінде Елена Рыбакина әлемнің 20-ракеткасы Елена Остапенкомен (Латвия) кездеседі. Бұл матч 19 мамырда өтеді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды