Гауһар Өмірзақова пара пауэрлифтингтен Азия-Океания чемпионатының күміс жүлде иеленді

Гауһар Өмірзақова пара пауэрлифтингтен Азия-Океания чемпионатының күміс жүлде иеленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2026 21:20 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Пара пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасы Тайландтың Бангкок қаласында өткен Азия-Океания ашық чемпионатын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, байрақты бәсекеге 23 елден 250-ден астам үздік спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 45 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте Өзбекстан мен Қытайдан кейін үшінші орынға тұрақтады.

Алматылық спортшылар халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғады. Гауһар Өмірзақова өз салмақ дәрежесінде жалпы нәтиже бойынша күміс медаль иеленіп, жеке есепте 4-орын алды.

Сонымен қатар, тағы бір алматылық спортшы Баққожа Жақсылық жеке есепте де, жаттығулар қосындысы бойынша да 5-орын иеленіп, үздік бестікке енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: