Хоккейден ӘЧ-2023: Қазақстан құрамасы Словенияны 4-3 есебімен ұтты

Сурет: видеодан алынды
Дүйсенбіде, 22 мамырда хоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Әлем чемпионатында соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан — Словения матчы Астана уақыты бойынша 23:20-да басталған болатын. Үш таймға созылған ойында 4-3 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасынан бұл кездесудегі үздік ойыншысы ретінде Евгений Рымарев танылды.

Қақпашы Андрей Шутов, қорғаушы Әділ Бекетаев, Қазақстан құрамасының капитаны Роман Старченко хоккейден Әлем чемпионатында ерекше көзге түскен ойыншылар ретінде марапатталды.

Хоккейден 2023 жылғы Әлем чемпионаты барысында алты матч өткізіп үлгерген Қазақстан құрамасы қоржынында төрт ұпай бар. Словения құрамасына келетін болсақ, ол алты ойында бір де бір ұпай жинай алмады. Сондықтан сарапшылар екі команда үшін де бұл матчтың аса бір маңызы жоқ екенін алдын ала айтқан болатын.  

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді