Стенд атудан әлем кубогінде Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды

Сурет: Instagram.com/kazshooting/
Қазақстандық спортшы Әсем Орынбай стенд атудан әйелдер арасындағы әлем кубогінің финалында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спорттық оқ ату федерациясының мәліметінше, күміс және қола жүлделер Үндістан өкілдеріне бұйырды.

2023 жылғы 20-29 мамыр аралығында Алматы облысында Александр Асанов атындағы ату клубында стенд ату спортынан рейтингтік лицензиялық Әлем кубогі өтіп жатыр.

Жарысқа әлемнің 40 елінен 300-ден астам мықты спортшылар қатысуда.

Стенд ату бойынша әлем кубогі – ISSF кестесіндегі рейтингті арттыруға мүмкіндік беретін және 2024 жылы Францияда өтетін XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік лицензия алуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты