Гимнастикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Аян Молдағалиев қайтыс болды

Сурет: Instagram/sportbasqarmasy_kst
9 маусым күні Қостанайда 22 жастағы дарынды спортшы Аян Моладағалиевті жерлестері ақтық сапарға шығарып салды деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды Қостанай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы жеткізді. 

Аян спорттық мансабын 2007 жылы бастап, жарыстарға қатысып Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы атанды. Ол халықаралық турнирлерде де жеңіске жетіп, өзінің жоғары кәсіби деңгейін дәлелдеді.

2018 жылы Аян Индонезияда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ 2018 жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының қатысушысы болды. 

Аян Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының да мүшесі болды. Оның таланты, еңбекқорлығы мен спортқа деген адалдығы Қазақстанның көркем гимнастика тарихында өшпес із қалдырады.

Zakon.kz сайтының редакциясы Аянның отбасына, достарына және барша жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтады.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді