Қазақстандық регбишілер Португалиядағы турнирде үздік атанды

Сурет: pixabay
Португалияның Альгарве қаласында регбиден IV халықаралық 7-Algarve Sevens турнирі аяқталды, онда Қазақстан әйелдер құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық қыздар "В" тобында өнер көрсетіп, алдын ала кезеңде өткен үш кездесуде қарсыластарын ірі есеппен ұтты. Одан кейін ширек финалда ағылшындық Sketty Hoops клубын 48:5, одан кейін жартылай финалда Португалия құрамасын 36:5 есебімен ұтты.

Сурет: Instagram/drs_kz

Ал соңғы табанды ойында қазақстандық регбишілер  Landes sevens (Франция) командасын ұтты – 14:12.


Algarve Sevens – биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған беделді халықаралық турнир. Жыл өткен сайын оған қызығушылық танытатын командалар мен клубтар саны артып келеді. Биылғы жылы португалиялық жарысқа ерлер мен әйелдерді қосқанда 60 команда келді.


Бұл Қазақстан регби командасының осы айдағы қатарынан екінші жеңісі. Осыдан 10 күн бұрын спортшыларымыз Голландияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді