Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны ұтты

Сурет: Тwitter/kzsbornaya
Белфастта өткен футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы кездесуде Қазақстанның құрама командасы Солтүстік Ирландиямен ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Ирландия құрамасымен ойын Қазақстанның жеңісімен аяқталды. 88-минутта матчтағы жалғыз голды қазақстандық футболшы Абат Айымбетов салды.

Кездесу аяқталуға санаулы минуттар қалғанда алаңға шыққан Абат Айымбетов допты қарсыластар алаңында қабылдап, Солтүстік Ирландия құрамасының қорғаушыларын айналып өтіп, гол салды.


Осылайша төрт ойыннан кейін Қазақстанның қоржынында тоғыз ұпай бар. Келесі ойынды Қазақстан құрамасы Финляндиямен, одан кейін екінші ойынды Солтүстік Ирландиямен өткізеді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қорғаныс министрі жаңадан тағайындалды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер наградталды