УЕФА Конференция Лигасы: "Ақтөбе" және "Ордабасы" командаларының қарсыластары анықталды

Сурет: Instagram/fcaktobe_official
Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, осыдан кейін "Ақтөбе" және "Ордабасы" футбол клубтарының болашақ қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеребе қорытындысына сәйкес, отандық командалар аты танымал футбол ұжымдарымен бетпе-бет келетінін атап өткен жөн. Сонымен, шымкенттік "Ордабасы" поляктың "Легиясымен" кездесетін болды, деп жазады УЕФА баспасөз қызметі.

Ал "Ақтөбе" командасы "Торпедо" (Кутаиси, Грузия) – "Сараево" (Босния және Герцеговина) жұптарының жеңімпазымен алаңға шығады. Екі матчтың өту мерзімі 27 шілде мен 3 тамызға жоспарланған.

Жеребе тарту барысында Конференция Лигасы мен Чемпиондар Лигасындағы "Тобыл" мен "Астананың" болашақ қарсыластары да анықталды. Бірақ бұл үшін қостанайлықтар мен астаналықтар жоғарыда аталған турнирлердің бірінші айналымындағы қарсыластарын еңсеріп алуы қажет. Егер "Тобыл" бірінші айналымнан сәтті өте алса, онда ол Швейцарияның "Базель" командасымен ойнайтын болады. 

Чемпиондар Лигасының іріктеу сынының бірінші айналымында "Астана" Тбилисидің "Динамосынан" жеңіліп қалған жағдайда, одан әрі елордалық ұжым "Хамрун Спартанс" (Мальта) – "Маккаби" (Израиль) жұбының ұтылған командасымен ойнайтын болады. 

Ақтөбе
Шымкент
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс