Бұл күнді 1948 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті құрды және содан бері бүкіл әлем бойынша олимпиада қозғалысының қолтаңбасы іспеттес.
Биыл Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті бұл шараны 30-шы рет атап өтті. 1987 жылдан бастап бүкіл әлем Олимпиада күні қарсаңында барлық жастағы ерлер, әйелдер мен балаларды біріктіретін атаулы күн болып есептеледі. Әлемнің 150-ден астам Ұлттық Олимпиада комитеттері (ҰОК) осы үлкен спорттық іс-шараны жұмыла ұйымдастырады.
Бүкіл әлем бойынша қатысушылар саны 3,5 миллионға жетіп жығылады. Олимпиада күні - "Баршаға арналған - спорт" қозғалысының символдарының бірі болып саналады.
Олимпиада күнінің эстафетасын Қазақстанның барлық өңірлері қабылдады.
Алматыда Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен тепе-теңдік велосипедтерінен қала чемпионаты өткізілді. Шараға 2 жастан 6 жасқа дейінгі 70-тен аса балдырған қатысты. Тепе-теңдік велосипедтері бойынша чемпионаттың әрбір қатысушысы ХОК және ҚР ҰОК-тан арнайы сыйлықтар мен сертификаттар алды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеке марапатталды.
Халықаралық Олимпиада күніне орай Ұлттық Олимпиада комитеті Францияның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп, брейк-данстан екі дүркін әлем чемпионы Олимпиада құрамасының мүшесі Лил Кевтің қатысуымен Алматы - Париж 2024 Summer Funky Summit іс-шарасын өткізді. Барлық ниет білдірушілер үшін брейк-данс және батлдан шеберлік сыныптары өтті.
Халықаралық Олимпиада күнінің басты оқиғасы Қазақстан астанасында ҚР ҰОК қамқорлығымен өтті. 23 маусымда Астанада Триатлон паркінде каратэ мен таэквондодан көрме қойылымдарымен жарыстар өтті.
Олимпиада күнінің арқасында балалар жаңа спорт түрлері туралы біліп қана қоймай, атақты қазақстандық спортшылар, спорт аңыздары, Олимпиада ойындарының чемпиондары және жүлдегерлерімен кездеседі.
Барлық ұйымдастырылған іс-шараларды белгілі қазақстандық спортшылар-олимпиадашылар - Серік Сәпиев, Василий Левит, Мерей Ақшаловтар қолдады. Атақты спортшыларымыз мастер-класстар өткізіп, жас спортшыларды болашақ жетістіктерге шабыттандырып, тәжірибелерімен бөлісті.
ҚР ҰОК олимпиадалық қозғалыс дәстүрлерін ілгерілетуді жалғастыруда. Спорт - адамның әл-ауқатына ықпал етеді және бейбітшілікті, білім беруді, гендерлік теңдікті және тұрақты дамуды нығайту үшін біріктіруші күшке ие