"Елорда кубогы-2023": Боксшы Ермахан Жақыпбеков сенсация жасады

Сурет: Instagram.com/boxingkazakhstan
Отандасымыз Ермахан Жақыпбеков Астанада өтіп жатқан 2023 жылғы "Елорда кубогы" халықаралық турнирінде Әлем чемпионын жер жастандырып сенсация жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Жақыпбеков жапондық Севонрец Окадзавамен кездесіп, оны 3-0 есебімен тақыр-таза ұтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Айта кетсек, Севонрец Окадзава 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ 2019 жылғы Азия ойындарының вице-чемпионы. Ермахан Жақыпбековке келетін болсақ, ол - жастар арасындағы Азия чемпионы. "Елорда Кубогындағы" алғашқы жекпе-жегінде ол Тәжікстан өкілі Довуд Махамовты жеңген болатын. 


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды

Алматы әкімі Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады