Иранда теннистен өткен беделді турнирде отандасымыз чемпион атанды

Сурет: ktf.kz
Тегеранда (Иран) 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында бірінші санаттағы ITF Juniors сериясындағы беделді турнир өз мәресіне жетті. Қазақстан спортшылары жекелей және жұптық сында өз бақтарын сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекелей сында Ақтау теннис мектебінің түлегі Даниал Рахматуллаев жеңісті жұлып алды. Соңғы матчта ол жарыстың алғашқы ракеткасы - ресейлік Дмитрий Бурцевті 6:3, 6:3 есебімен ұтып, сенсация жасады. Жартылай финалда Даниал отандасы Әмір Омархановтан мықтырақ болып шықты (5:7, 6:3, 7:5).


Сурет: ktf.kz


Жұптық сында Әмір Омарханов болгар теннисшісі Иван Найденовпен бірге чемпион атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды