"Elorda Cup-2023": Махмұд Сабырхан шаршы алаңға шықпай-ақ алтын медаль еншіледі

Сурет: olympic.kz
"Қазақтың Ломаченкосы" деген лақап атымен танымал отандық боксшы Махмұд Сабырхан "Elorda Cup" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Сабырханның қарсыласы - отандасы Асылжан Серікбай болуы тиіс еді. Алайда, Махмұдтың қарсыласы жекпе-жекке шықпады, нәтижесінде "Қазақтың Ломаченкосы" ең жоғары наградаға жылдам әрі оңай ие болды.

Айта кетсек, бүгін "Elorda Cup" финалында бокстан Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Сәкен Бибосынов өнер көрсетіп, чемпион атанған болатын. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды