Уимблдон-2023: Төртінші айналымға шыққан Бубликтің қанша табыс тапқаны белгілі болды

Сурет: ktf.kz
Уимблдонның төртінші айналымына алғаш рет шығып тұрған қазақстандық теннисші Александр Бубликтің қанша гонорар алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz-ның мәліметінше, төртінші айналымға шыққаны үшін Бублик 207 мың фунт стерлинг (шамамен 118 миллион теңге) табыс тапты.

Финалдың 1/8 матчында Бублик Рублев-Гоффен жұбының жеңімпазымен ойнайтыны хабарланған. Бұл матчтың жеңімпазы да анықталып үлгерді. Сонымен отандасымыз әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен ширек финалға шығу үшін таласады.

Бұның алдында теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Ұлыбритания Ашық чемпионатының үшінші айналымын еңсергені хабарланған болатын. Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Германия өкілі Максимилиан Мартерерді (АТР рейтингінде 170-ші) 6:4, 6:1, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 51 минутқа созылды. Александр Бублик 10 рет эйс орындап, 9 брейк-пойнттың 4-ін жүзеге асырды.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Ғылым министрлігі латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Соболенко Рыбакина қатысатын турнирге қатыспайды