Уимблдон-2023: Рыбакинаның үш жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Сурет: ktf.kz
Елена Рыбакина 2023 жылғы Уимблдондағы үш жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz мәліметінше, үш матч бойында америкалық Шелби Роджерс, француз Ализе Корне мен британдық Кэти Бултерді жеңген Елена 240 120 евро жүлдені, сондай-ақ 240 рейтинг ұпайына ие болып үлгерді. 

Бұған дейін жекелей сында Рыбакина 1/8 финалға өтіп, бүгін Кэти Бултерді жеңгені хабарланған болатын. Елена Рыбкинаның келесі қарсыласы бразилиялық теннисші Беатрис Аддад Майя болады (13-ші).

Елена Рыбакина Уимблдонның қазіргі чемпионы және осы титулын қорғауды ары қарай жалғастыратын болады.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды