Уимблдон-2023: Елена Рыбакина ширек финалға мерзімінен бұрын шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Лондондағы жасыл желекті корттарда өтіп жатқан Уимблдонның ширек финалына еш қиналыссыз өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төртінші айналымда Рыбакина бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен кездесті.

Ойын 4: 1 есебімен бірінші сетте отандасымыздың пайдасына шешілді. Бразилиялық теннисші жарақат алып тайм-аут алды. Қайта ойынды жалғастырғанымен ол көпке бара алмады. Ол көзіне жас ала отырып, ойынды жалғастырудан бас тартты. 

Рыбакина ширек финалда Онс Жабер (Тунис) мен Петра Квитова (Чехия)  кездесуінің жеңімпазымен ойнайтын болады. 2023 жылғы Уимблдон аясындағы әйелдер турнирі 15 шілдеде аяқталады.

Қазақстандық теннисші өткен жылғы турнирдің чемпионы болып табылады. 


Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді