Жаттықтырушы Санжар Тәшкенбайдың құдалығы, басқа да жөн-жоралғысы болып қойғанға ұқсайтынын, енді үйлену тойы болатынын айтады.
"Санжар Тәшкенбай бапкері екеуі сұранған. Емделеміз деген, негізі. Дегенмен, барлығымыз пендеміз. Үй мәселесі, тағы басқа тіршіліктер бар дегендей. Енді жақсы жаңалық естіп жатырмыз, үйленеді дегенді. Құдалығы, басқасы болып қойған сияқты. Енді, Алла қаласа, 16 шілдеде үйлену тойы болады. Бізді тойына шақырды. Құрамамен барлығымыз тойға барамыз. Біз бір отбасы сияқтымыз ғой. Әрине, қуанышымызды бірге бөлісеміз", - деген еді Мырзағали Айтжанов бірер апта бұрын бокстан өткен "Елорда Кубогы" кезінде журналистердің біріне берген сұқбатында.
Айта кетсек, мамыр айында Ташкентте бокстан өткен Әлем чемпионатының финалында 48 келі салмақ дәрежесінде Санжар Тәшкенбай грузин боксшысы Сахил Алахвердовиді айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Әрі ірі сыйақыға да ілінді. Көп ұзамай чемпион әкесіне тосын сый жасап, қымбат көлік тарту етті.