Жеңіс Нұрлыбаев джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Сурет: Instagram/jj_kaz
Моңғолия джиу-джитсудан 2023 жылғы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық Жеңіс Нұрлыбаевқа тең келер ешкім болмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы әлем чемпионатына 41 елден 500-ден астам қатысушы келді. Үштөбелік (Алматы облысы) спортшы Жеңіс Нұрлыбаев спорттық мансабында екінші рет алтын медаль жеңіп алды. Ол алғаш рет екі жыл бұрын Абу-Дабиде (БАӘ) топ жарған еді.

Ұланбатырда Жеңіс Нұрлыбаев (56 келі) "файтинг" түрінен әлемнің ең мықты спортшысы болып танылды. Дәл осы салмақта тағы бір қазақстандық Самат Сәрсенұлы қола жүлдеге ие болды.

Сурет: Instagram/jj_kaz

Джиу-джитсудан әлем чемпионаты басталған күні де қоржынымызға 5 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль түсті. Русланхан Мәдіханов (69 келі), Арман Тойбағаров (77 келі), Евгений Макшанцев (+94 келі) және Рамазан Құсайыновтың (-94 келі) құрметіне Қазақстанның әнұраны шырқалды.


Тимур Сыдықов (69 келі), Дидар Бәкіжанов (84 келі) және Мұрат Бермұхаметов (94 келі), Еркебұлан Алтынбеков (+94 келі) әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды. Айбар Есенғалиев (+94 келі) қола медальмен марапатталды.


Қазақстандық "файтерлер" тағы 4 жүлдені жеңіп алды: Жәнібек Әбу-Бәкір (62 келі) – алтын, Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (77 келі) және Әйгерім Төреғожина (48 келі) – күміс, Аслан Қанатбеков (62 келі) – қола


Моңғолияда өтетін джиу-джитсудан 2023 жылғы әлем чемпионаты 21 шілдеде аяқталады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты