"Манчестер Юнайтед" камерундық қақпашы Андре Онананы сатып алды

Сурет: Instagram/andreonana.24
Италияның "Интер" футбол клубы мен Камерун ұлттық құрамасының 27 жастағы қақпашысы Андре Онана британдық "Манчестер Юнайтедке" ауысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Онана ағылшындық клубпен бес жылға келісімшартқа отырды, кейін оны тағы бір жылға ұзартады.
"Зор мәртебе. Мен өмір бойы осы сәтке жету үшін көп тер төктім, осы жолда көптеген кедергіні жеңдім. Қақпаны қорғау үшін "Олд Траффордқа" шығып, үлесімді қосу тағы бір керемет тәжірбие болады. Бұл жаңа командадағы әріптестермен және жету үшін аянбай күресуді керек ететін зор мақсаттармен жаңа сахаттың бастауы. "Манчестер Юнайтедте" керемет қақпашылар болды. Алдағы жылдары өз мұрамды жасау үшін барымды саламын. Эрик тен Хагпен қайта жұмыс істеу мүмкіндігі жігерлендіреді". Андре Онана, "Манчестер Юнайтед" футбол клубының қақпашысы

Андре Онана "Манчестер Юнайтедтің" қазіргі бапкері Эрик Тен Хаг жаттықтырған "Интерге" дейін голландиялық "Аякс" командасында ойнады. Камерундық Италияға кеткенге дейін үш лига чемпионы және екі Голландия кубогын жеңіп алды. "Интер" құрамында ол Италия кубогын жеңіп алды және Чемпиондар лигасындағы "құрғақ" матчтар саны бойынша рекордшы атанды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды