Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Сурет: instagram.com/drs_kz/
Бүгін Италияның Милан қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық құрама көшбасшысы Руслан Кұрбанов ширек финалда италиялық Валерио Куомоны 15-12 есебімен ұтып, қазақстандықтардан тұңғыш болып финалдық кезеңге жолдама алды. Алайда жартылай финалда мажарстандық Мате Кохпен болған тартысты айқаста қарсыласқа 10-15 есебімен жол жіберіп, қола жүлдегер атанды.

Екінші жартылай финалда Олимпиада және әлем чемпионы франциялық Ромен Каннон италиялық Давиде ди Веролиден жеңіліп қалды.

Айта кетейік, отандасымыз 1/16 айналымда франциялық Янник Борельді (15-14), даниялық Конрад Сейбек Конгстадті (14-13) ұтқан. Оған дейін аустриялық Джозеф Марингерден басым түсіп, үздік 32 спортшының қатарына қосылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстандықтарға қаржылық пирамиданың негізгі белгілері түсіндірілді

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады