Таеквондошы Батырхан Төлеуғали елордадағы Гран-придің күміс жүлдегері атанды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Астанада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалдық кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың ақтық бәсекесінде ирандық Радин Зейналимен жолықты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша ирандық таеквондошы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қазақстандық таеквондошы финалға дейін үш қарсыласын жеңді. Олардың қатарында 2025 жылғы әлем чемпионы, бразилиялық Энрике Маркес Родригес те бар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript