Батырхан Төлеуғали Астанадағы Гран-придің жартылай финалына шықты
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали елордада өтіп жатқан Гран-придің ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында ресейлік Артем Мытаревпен кездесті.
Екі раундтың қорытындысы бойынша Батырхан Төлеуғали 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша ол кем дегенде қола медальді қанжығасына байлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript