Денис Евсеев "Президент кубогының" финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Астанада өтіп жатқан Challenger-50 сериясы турнирінде жекелей сындағы финалистер анықталды. Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жартылай финалдық кезеңнен өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалға шығу үшін өткен кездесуде Денис Евсеев (412 ATP) Түркиядан келген Янки Эрелді (357 ATP) 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Жартылай финалдық кездесу бір сағат 42 минутқа созылды.

Чемпион атағы үшін Денис Евсеев Өзбекстанның теннисшісі Хумаюн Сұлтановпен (550 ATP) күш сынасады. Финалдық ойын 30 шілдеде (Астана уақытымен сағат 11:00-де) өтеді.

Қарсыластар бір рет – 2017 жылы ITF M15 сериясы турнирінде кездескен, ол жолы қазақстандық теннисші үш сетте (7:5, 5:7, 6:1) жеңіске жетті.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды