АТР-250 турнирі: Александр Недовесов финалға шықты

Сурет: ktf.kz
Кицбюэль қаласында (Австрия) теннистен АТР-250 турнирі өтіп жатыр. Жұптық сында жартылай финалда өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Александр Недовесов жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалда қазақстандық Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен тізе қоса отырып, Рафаэль Матос (Бразилия) – Франсишку Кабрал (Португалия) дуэтін 4:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңіп кетті.

Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды. Недовесов пен Эскобар алты эйс орындап, екі рет қателікке жол берді, сондай-ақ екі брейк-пойнттың екеуін де (100%) сәтті жүзеге асырды.

Олардың соңғы матчтағы қарсыластары кейінірек анықталады.

23 шілдеде Александр мен Гонсало Бастадта (Швеция) теннистен өткен ATP-250 турнирінің жеңімпазы атанған болатын. Бұл - олардың биылғы АТР турнирлеріндегі бірлескен үшінші финалы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді