Асу Алмабаев UFC-дегі үздік жекпе-жегі үшін қосымша сыйақы алады

Сурет: instagram.com/asu_zulfikar57/
UFC-де дебют жасаған қазақстандық файтер Асу Алмабаев (18-2) Нэшвиллдегі UFC on ESPN 50 турнирінде тамаша өнер көрсеткені үшін қосымша сыйақы алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асу өзінің UFC турниріндегі алғашқы кездесуімен жанкүйерлерін таңғалдырды, ол екінші раундта тәжірибелі файтер, ямайкалық Оли Осборнды (12-6) жеңді.

Лиганың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтында кейінгі турнирде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен барлық спортшыға, соның ішінде Асу Алмабаевқа негізгі ақшаға қосымша 50 000 доллар бонус берілді.

Сондай-ақ осы турнирде келесі спортшылар: Татьяна Суарес, Дастин Якоби, Диего Лопес және Карлстон Харрис жекпе-жекті тамаша аяқтағаны үшін UFC-ден ақшалай сыйақы алады.

Еске салайық, қазақстандық Асу Алмабаев аралас жекпе-жек бойынша Нэшвиллде өткен UFC on ESPN 50 турнирінде ямайкалық Оди Осборнды екінші раундта жеңген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі