US Open-нің негізгі жеребесі тартылды: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

Сурет: wtatennis
28 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте (АҚШ) "Үлкен дулыға" санатындағы US Open турнирі өтеді. 24 тамызда жарыстың негізгі жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирдің алғашқы айналымында әлемнің 37-ракеткасы, украиналық теннисші Марта Костюкпен ойнайды. Матч 28 тамызда өтеді.

Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 79-ракеткасы) алғашқы раундында  италиялық теннисші Мартина Тревизанмен (әлемнің 53-ракеткасы)ойнайды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик аустриялық Доминик Тиммен (әлемнің 82-ракеткасы) ойнайтын болды.

Михаил Кукушкин US ​​Open турнирінің іріктеуінен өте алмады, тағы бір қазақстандық теннисші Тимофей Скатов турнирдің іріктеу кезеңіндегі екінші айналымында жеңіске жетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды