Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінің екінші айналымына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы теннисшілері Анна Данилина мен Андрей Голубев Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп жатқан "Үлкен дулыға" санатындағы биылғы соңғы турнир – US Open-нің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анна Данилина британиялық Хизер Уотсонмен бірге турнирдің алғашқы айналымында америкалық теннисшілер Эмма Наварро мен Пейтон Стернсті екі сетте 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Ал ерлер арасында Андрей Голубев ресейлік Роман Сафиуллинмен бірге америкалық Александр Ковачевич пен Николас Мореноны 6:4, 6:3 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, жекелей сында қазір бұл турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы ғана бақ сынап жатыр. Оның үшінші айналымдағы матчы ертең, Астана уақытымен 2 қыркүйекте шамамен 07:00-де өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды