Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі "ең әдемі гол" Қазақстан құрамасына тиесілі екен

Сурет: sports.kz
Финляндияның Yle Urheilu басылымы Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Данияға қарсы ойында соққан голына жоғары баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік БАҚ қазақстандық жартылай қорғаушының соққан добын біліктілік турниріндегі ең әдемі гол деп таныды, деп хабарлайды Sports.kz.

"Ойын алаңында супер жұлдыздардың жоқтығына қарамастан, Қазақстан құрамасы соққан голдар қазіргі біліктілік кезеңінде ерекше көзге түсуде. Асхат Тағыбергеннің зеңбіректен атқандай ытқып, даниялықтардың қақпасына дөп түскен голын біліктілік кезеңінің өң бойындағы ең әдемісі деп санауға болады", деп жазады басылым.


Айта кетсек, наурыз айында Қазақстан құрамасы "Астана Аренада" Данияны 3:2 есебімен жеңген болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды