ҚХЛ чемпионаты: "Барыс" ресейлік командадан тағы ұтылды

Сурет: Telegram/Barys_hc
ҚХЛ-дың жаңа маусымында "Барыс" қатарынан үш матчта жеңіліске ұшырап, сәтсіздіктен көз аша алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында астаналық "Барыс" командасы алаң иесі - Новосибирскінің "Сибирь" командасымен бақ сынасты, деп жазады Sports.kz.

Хоккей клубының бапкері Андрей Скабелка құрама тізімін жариялады: қақпашы Шутов (ол Паскуалені алмастырды), шабуылдаушылар – Скленичка-Грант, Барбер-Шестаков-Оберг; Шалапов-Пышье, Старченко-ЛаБейт-Бракко; Нұрғалиев-Данияр, Шайхмедденов-Өмірбеков-Мұратов; сондай-ақ Полохов, Әсетов-Гурков-Қайыржан.

Бүкіл матч бойында қақпаға шайба салынбады, тіпті қосымша уақытта да жағдай өзгермеді. Буллиттер сериясында ойынға нүкте қойылды. Алаң иелері өздеріне әлдеқайда сенімдірек болып шықты. Осылайша "Барыс" жаңа маусымда қатарынан үш рет ұтылды.

"Барыстың" келесі ойыны 9 қыркүйекке жоспарланған, олар Омбының "Авангардына" қонаққа барады.

Матчтың қорытынды есебі: "Сибирь" (Новосибирск, Ресей) - "Барыс" (Астана, ҚАЗАҚСТАН) 1: 0 (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0 ).

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

Қорғаныс министрі жаңадан тағайындалды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді