Баскетболдан ӘЧ-2023: Германия сенсация жасап, АҚШ құрамасын ұтып кетті

Сурет: Instagram/fibawc и nba
Филиппинде "Молл оф Азия-Арена" стадионында баскетболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалы өз мәресіне жетті. Германия мен АҚШ құрамаларының кездесуі өте тартысты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу 113: 111 ұпайымен аяқталып, неміс құрамасы жеңіске жетті. 

Кездесуде ең нәтижелі өнер көрсеткен ойыншы - Германия құрамасының қорғаушысы Андреас Обст. Оның еншісінде 24 ұпай және алты пас бар. Тағы екі неміс ойыншысы 20 ұпайдан жинады: Франц Вагнер (22 ұпай және бес рет допты қағып алған) және Даниэль Тайс (21 ұпай және жеті рет допты қағып алған).

Енді финалда Германия Сербия құрамасымен бақ сынасатын болады.

Айта кетсек, Әлем чемпионаты бірден үш елде өтіп жатыр: Индонезия, Жапония және Филиппин. Жарыс 10 қыркүйекке дейін жалғасады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды