Қазақстандық шахматшылар ІХ командалық әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы
Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында өткен ІХ командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санаулы сəттер бұрын қазақстандық ойыншылар Грузияға жол берді. Алғашқы раундта грузиялықтар 2½-1½ есебімен алға шыққан. Сосын 2-айналымды да өз пайдасына аяқтады (3½-½).

Команда сапындағы Бибісара Асаубаева, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрманова өнер көрсетті. Бұл – Павел Коцур баптайтын ұлттық құраманың бәсекедегі алғашқы жеңілісі. Осыған дейін Қазақстан топтық кезеңде Грузиямен тең түсіп (2-2), қалған қарсыластың бәрін ұтқан.

Бүгін Қазақстан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында жүлде алған 6 мемлекеттің біріне айналды. Қазақстанның бұған дейінгі ең жақсы нәтижесі ширек финал еді.

Ал Грузия осымен 2-рет әлемдік додадан алтынына қол жеткізіп, бұл көрсеткіш жағынан Ресеймен теңесті.

Қазір қола медаль үшін АҚШ пен Франция құрамасы таласып жатыр. Алғашқы раунд 2-2 аяқталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді