Софья Самоделкина АҚШ Гран-при кезеңінде үздік ондыққа кіре алмады

Софья Самоделкина АҚШ Гран-при кезеңінде үздік ондыққа кіре алмады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2026 09:06 Сурет: olympic.kz
Софья Самоделкина АҚШ Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында 11-орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Эверетт қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының кезеңінде қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті.

Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төрешілерден 61,03 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орынға тұрақтады.

Бірінші орынды 82,20 ұпай жинаған жапониялық Ами Накаи иеленді. Екінші орында бейтарап мәртебеде өнер көрсететін ресейлік Александра Игнатова (74,24 ұпай). Үздік үштікті Оңтүстік Корея өкілі Ким Ю Чжэ (73,92 ұпай) түйіндеді.

Еркін бағдарлама 16 қарашаға қараған түні өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: