Қазақстандық шахматшылар 2023 жылғы командалық әлем чемпионатында бірнеше рекорд орнатты

Қазақстандық шахматшылар сенсациялық түрде 2023 жылғы командалық әлем чемпионатының финалына шығып, шешуші кездесуде Грузиядан жеңіліп, турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Польшада қазақстандық шахматшы қыздар әлемдік шахмат мамандарын өнерімен тәнті етті.

Ең алдымен кәсіпқойлар қазақ шахматшыларының жас ерекшелігіне тәнті болды. Біздің командада алты қатысушының бесеуі 20 жасқа толмаған, тек Әсел Серікбай 21 жаста. Қалғандары әлі де жастар турнирлеріне қатыса алады.

Быдгощ қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық қыздар мынадай нәтиже көрсетті:

Бибісара Асаубаева (19 жас) – төрт жеңіс, бес ойында тең және екі жеңіліс;

Меруерт Камалиденова (18 жас) – 2/5/4;

Алуа Нұрманова (16 жас) – 4/4/2;

Әмина Қайырбекова (17 жас) – 5/1/3;

Ксения Балабаева (18 жас) – 1 тең ойын;

Әсел Серікбай (21 жас) – 1 жеңіліс.

Сурет: Instagram/drs_kz

Бастапқыда біздің команда қатысушылар арасында ең жасы әрі жоғары рейтингі болмағандықтан, турнирде фавориттердің қатарынан көріне алмады. 12 команданың ішінде Павел Коцурдың шәкірттері Египетпен бірге аутсайдерлер қатарынан көрініп, рейтингте 11-орынға тұрақтады. Бұған қоса қарсыластар қазақстандық команда сапында тәжірибелі Жансай Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасованың болмағанына қуанды.

Дегенмен блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева бастаған Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының алғашқы раундтарынан-ақ қарсыластардан басым түсе бастады. Әлемдік шахматтың көш басында тұрған беделді командалар біздің қыздардың шабуылына тап болды. Топтық кезеңнің қорытындысы мынандай:

Қазақстан – Египет 3:1;

Қазақстан – Үндістан 2,5:1,5;

Қазақстан – Франция 2,5:1;

Қазақстан – Украина 2,5:1,5;

Қазақстан – Грузия 2:2.

Ширек финалда біздің команда Германияны жеңді (2:2, 3:1). Ал финалға шығу үшін өткен сайыстарда қазақ қыздары француз шахматшыларынан 1:3, 3:1 (блиц 4:0) есебімен озды.

Әлем чемпионатының алтыны үшін өткен кездесуде қазақстандық шахматшылар Грузияның тәжірибелі командасын 1,5:2,5, 0,5:3,5 есебімен жеңе алмай, 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін қанағат тұтты. 

Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: