Алматыда Татьяна Навканың шоуына арналған билеттер сатылымнан алынды

Алматыда ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навканың "Шахразаданың махаббат тарихы" шоуы билеттерінің сатылымы неге кілт тоқтатылды? Осы сауалмен өздеріне жүгінген Zakon.kz сайтына 2023 жылы 15 қыркүйекте оңтүстік астананың спорт басқармасының баспасөз қызметі жауап берді.

Құзырлы мекеме "іс-шараны өткізу немесе тоқтату мәселесі "Алматы Арена" кешенінің концерт бөлімі әкімшілігі мен Татьяна Навка агенттері арасындағы тікелей шарттар қатынастарына жатады" деп атап өтті.

"Сонымен қатар," Алматы Арена" кешенінің концерт бөлімі әкімшілігінің ақпараты бойынша, ұйымдастырушылар концертті тоқтатуға ниетті. Қазіргі уақытта билеттерді сату тоқтатылды". Алматы қаласы спорт басқармасының баспасөз қызметі


Айта кетсек, 2023 жылы 14 қыркүйекте Қазақстанда "Камызяки" әзілкештер ұжымының концерті тоқтатылғаны белгілі болды. Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлады. Оған себеп - ұжым әртістерінің көпшілік алдындағы даулы әрекеттеріне қоғамның теріс қарауы.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: